Спортты дамыту дирекциясының директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, спорт жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ туроператорлармен жоғары құны бойынша шарттар жасасу арқылы 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар кәсіпорын директоры жеке компанияның директоры бола тұра, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

"Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - деп ескертті ведомствоның баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз