Абай облысындағы Қалбатау ауылынан шығаберісте сағат 17:10-да спортшылары бар микроавтобус тоқтап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 адам, оның ішінде 11 бала бар автокөлікті жылыту пунктіне жеткізу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған. Олардың бәрі - Өскеменге бара жатқан Моңғолияның азаматтары.
Жарма ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері спортшыларды Жаңаөзенге дейін ертіп, жылыту пунктіне орналастырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!