"Спортшылар отырған". Абай облысында Моңғолияның 13 азаматы жолда қалып қойды

"Спортшылар отырған". Абай облысында Моңғолияның 13 азаматы жолда қалып қойды
Фото: видеодан алынған кадр

Абай облысындағы Қалбатау ауылынан шығаберісте сағат 17:10-да спортшылары бар микроавтобус тоқтап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 адам, оның ішінде 11 бала бар автокөлікті жылыту пунктіне жеткізу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған. Олардың бәрі - Өскеменге бара жатқан Моңғолияның азаматтары.

Жарма ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері спортшыларды Жаңаөзенге дейін ертіп, жылыту пунктіне орналастырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget