- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спортшы Шальнованың өлімі:...
Спортшы Шальнованың өлімі: екі ақтаулық полицей жұмыстан босатылды
Маңғыстау полициясының жеке қауіпсіздік басқармасы лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша істі тергеді. Іс антикор қызметіне берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, екі полицей тәртіптік комиссияның шешімі бойынша атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Іс Ақтаулық спортшы Валерия Шальнованың өлімі қатысты. Екі полицей лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген болатын.
Соталды тергеу 3 қазанда басталған.
"Соталды тергеуден бөлек, қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің екі полицейі қызметінен босатылды", - дейді облыстық рокуратура өкілдері.
Ведомство өкілдері екі полицейдің қызметінен кетуі олар жұмыстан босатылды деген сөз емес екенін атап өтті. Нақты шешім Антикор толық тексеріс жүргізгеннен кейін қабылданады.
Еске салайық, Валерия Шальнованың мәйіті 2 шілдеде таңертең Ақтау іргесіндегі су жиналатын каналдың жанынан табылған. Туыстары суицид нұсқасына сенбейді. Олардың айтуынша, қыздың өліміне кінәлі адам бар, ол ұсталған.
Валерия қоян-қолтық ұрыстан кәсіби түрде жаттыққан. Ол көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан еді.
Бұған дейін қылмыстық іс 105-бап "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша қозғалып жатқаны хабарланған еді. Кейін полиция 119-бап - "Қауiптi жағдайда қалдыру" бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір 99-баптың 1-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина