Физикалық белсенділік кез келген қорқынышты ауруға шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Спорт жалпы денсаулық үшін өте пайдалы, оған қоса, онкологиялық аурулардың алдын алуға да көмектеседі. Онколог Владислав Евсеев спорт онкологиялық ауруға шалдыққандарға қалай көмектесетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Жаттығу қатерлі ісіктің қай түрінен қорғай алады?
Онкологтың айтуынша, спорт шынымен де қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтуға қабілетті екенін дәлелдейтін зерттеу нәтижелері бар.
"Дегенмен физикалық белсенділік барлық онкологиялық ауруда бірдей рөл атқармайды, яғни ол кейбір ісіктің алдын алуда қабілетсіз. Бірақ спорт сүт безі қатерлі ісігінің, жатыр денесінің қатерлі ісігінің, тоқ ішектің, өңеш пен асқазанның, бүйректің, қуықтың және өкпенің қатерлі ісігінің алдын алуға көмектеседі", - деп түсіндірді дәрігер.
Жаттығу ауруға қалай көмектеседі?
Адам спортпен қанша уақыт айналысу қажет?
"Аэробты жаттығуларды кезекпен жасаған жөн, анаэробты физикалық жаттығулар, мысалы, салмақ көтеретін жаттығу залы. Сонымен қатар, жүктеме тұрақты болуы маңызды. Аптасына шамамен 150-300 минут орташа жаттығу немесе 75-150 минут ауыр жаттығу жасау ұсынылады. Ең дұрысы, аптасына екі күш жаттығуларына ұмтылу керек", - дейді Владислав Евсеев.
Онкологиялық аурумен ауыратын науқастар қандай спорт
Дәрігердің сөзінше, қатерлі ісікке шалдыққан адамдар спортпен шұғылдануға міндетті.
"Физикалық белсенділік ісікпен күресуге және оның алдын алуға мүмкіндік беріп, әлсіздік, жүрек айнуға қарсы әсер етеді. Ал егер ем қабылдап жүрген болсаңыз, дәрігермен ақылдасып, рұқсат етілген спорт түрімен айналысқан дұрыс. Тіпті үйдің айналасында серуендеу сияқты кішкене белсенділіктің өзі жағдайды жақсартып, күш бере алатынын түсіну керек", - деп түсіндірді онколог.
Айта кетейік, бұған дейін өзіңізді қатерлі ісіктің 7 түрінен қорғау үшін не істеу керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мұрын неге жиі қанайды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!