Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов діншіл спортшыларға арнайы жол картасы әзірленгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тілшілер тарапынан министрге "спортшылардың дін туралы жиі айтуы дұрыс па" деген сұрақ қойылды.
"Дін мәселесі бойынша арнайы жол картасы әзірленген. Соның аясында жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінгі таңда арнайы ұйымдардан мамандар тартылды. Әр федерация жүйелі жұмыс атқарып жатыр және өз құрамасына жауапты. Жол картасы аясында дін мәселесіне қатысты да мәселе қаралады", - деді Мырзабосынов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Айта кетейік, өткен жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын жүлде иеленген дзюдошы Елдос Сметовтің жарыс кезінде дұға оқыған видеосы желіде қызу талқыға түскен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!