SpaceХ 17 ақпан күні тұңғыш ғаламтор серігін ұшырады

SpaceХ 17 ақпан күні тұңғыш ғаламтор серігін ұшырады
Фото: www.spacex.com

Алдағы сенбі, яғни ақпан айының 17 күні SpaceХ компаниясы кезекті Falcon 9 зымыранын ұшырады. Жоспар бойынша бұл жолы зымыран орбитаға радиотолқынды Испанияның Paz серігін жібереді. Сонымен қатар ғарышқа тәжірибе жүзінде екі бірдей Microsat 2a және 2b желі таратушы ғаламтор серігі ұшырылады.

2027 жылға қарай аталған серіктердің саны мыңға жетіп, жер шарының сыртын ғаламтормен қоршауды көздеп отыр.

SpaceX компаниясы Калифорниядағы Ванденберг әуе-әскери базасында кезекті Falcon 9 зымыранын ұшырады. Компания зымыранды тәжірибеден өткізіп дайындық жұмыстарын бастады.

Falcon 9 испаниялық Paz серігін 514 км жерге дейін жеткізеді. Ал қос ғаламтор таратушы серікті одан да жоғары биікке жеткізуді көздеп отыр. 

М. Ақан