- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Созылып кеткен қарынды...
Созылып кеткен қарынды қалай орнына келтіруге болады?
Қанша мөлшерде тамақтансаңыз да ішіңіз шығып, томпайып кететінін байқасаңыз, оның неліктен шығатынын анықтаған жөн. Дәрігер Владимир Привотов оның себебі артық салмақта ғана емес, тереңірек болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, тамақ ішкеннен кейін іштің шығып кетуінің себебі көп.
"Мұндай жиі кездесетін мәселенің көптеген себебі болуы мүмкін және олар жиі бірігіп, бір-бірінің әсерін күшейте түседі. Бірақ ең негізгі екеуі бар. Бұл ішкі ағзалардың босауы және ішектегі қан айналымының бұзылуы", - деді дәрігер Владимир Привотов.
Ішкі ағзалардың босауы. Адам ағзасындағы бір ғана мүше салбырап, қалғандары өз орнында тұр деген ұғым жоқ. Біреуі барлығына әсер етеді. Егер асқазан дұрыс орнынан түсіп, оны ұстап тұрған байлам созылған болса, тамақты қанша мөлшерде ішсең де байламға түсетін салмақ артып, адам оны іштегі ауырлық сияқты сезінеді.
Ал егер жеген тамақтың мөлшері едәуір көлемді болса, асқазан ішектің үстінен одан да қатты басып, ол өз кезегінде ішті іштен қыса бастайды. Сондықтан адамдар киімдегі түймені ашып, белдікті босатады.
Ішек қабырғасындағы қан айналымының бұзылуы.
"Ішкі азғалар төмендеген кезде ішекті ұстап тұрған байламмен бірге тамыр мен нервтер де созылады. Салдарынан ішек қоректік заттар мен жүйке импульсін жеткіліксіз мөлшерде алады. Бұл перистальтика жұмысының баяулауына әкеліп, іш қату пайда болады, тамақ толық сіңбейді. Осыған байланысты ішекте созылмалы қабыну процесі пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда паразиттер оңай көбейеді, микрофлора өзгереді, ішекті жаруы мүмкін газ пайда болады", - деп түсіндірді маман.
Сіз босанған әйел баласы болсаңыз, диастаз болуы мүмкін.
"Босану іштің шығуы мен диастазды күшейтеді. Ортаңғы іштің тік бұлшықеттері ақ іш сызығы деп аталатын дәнекер тіннің линтельімен байланысады. Бұл бұлшықеттердің бүйірден алшақтауына жол бермейді және іштің жақсы, күшті қабырғасын қалыптастыруға көмектеседі. Бірақ жүктілік кезінде жатырдың өсуіне байланысты тін мен ақ сызықтың созылады", - деп жауап берді Владимир Животов.
Сонымен қатар, дәрігердің мәліметінше, кейде нәресте туылғаннан кейін де дәнекер тіннің әлсіздігіне, дәрумен, микроэлемент, аминқышқылдардың жетіспеушілігіне байланысты іштің тік бұлшықеттерінің алшақтығы қысқармайды. Сондықтан босанғаннан кейін іштің ақ сызығы созылып қалып кетеді. Бұл диастаз деп аталады.
"Енді асқазанға белгілі мөлшерде тамақ тсүкенін елестетіп көріңіз, әрине содан кейін ішіңіз шыға бастайды. Оған қоса әйелде азға мүшелерінің салбырауы болса, онда асқазан да, ішек те әлсіреген іш қабырғасы арқылы шығады.
Әйел, еркек, бала деп бөлмей қарасақ 99 пайыз жағдайда ішкі ағзаның орнынан жылжуы құйрық жарақатынан кейін пайда болады. Бұл ішекте қан айналымының бұзылуын тудырады, ал диастаз іштің үлкенірек ісінуіне орын босатады", - деп қорытындылады дәрігер.
Жаттығу көмектеседі.
"Егер сіз тамақ ішкеннен кейін ішіңіздің шыққасын қаламасаңыз, бірінші кезекте ішкі ағзалардың орнын көтеру керек. Бұл мүмкін деген ең маңызды, тиімді қадам. Мүше орнынан келсе қан айналымымен бірге ас қорыту жүйесінің жұмысы да біртіндеп қалыпқа келеді", - деп кеңес берді дәрігер.
Жақсы нәтиже үшін ішкі ағзаларды көтеруге арналған жаттығуды бастауыңыз керек. Күн сайын, кем дегенде 6-8 ай, кейде 1,5–2 жылға дейін жаттығу керек. Ішекті тоқтататын байламдардың тартылуы үшін көп уақыт қажет.
Дәрігер жаттығуға қосымша эндокринологпен дәнекер тіндерді нығайту үшін, гастроэнтерологпен асқазан-ішек жолдарының қызметі бойынша жұмыс істеу керегін айтты. Сондай-ақ өмір бойы азға мүшелерінің дұрыс орналасуын тұрақты ұстап тұру үшін іш пен жамбас бұлшықеттерін күшейту керек.
Айта кетейік, бұған дейін жақсы ұйықтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстандық актерлар қанша ақша табады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә