"Сөзінде тұрды". Танымал актриса Сара Амангелдінің құпия сүйіктісі не сыйлады?

"Сөзінде тұрды". Танымал актриса Сара Амангелдінің құпия сүйіктісі не сыйлады?
Фото: instagram.com/amangeldieva_sara

Танымал әнші, актриса Сара Амангелдінің құпия табынушысы күнде сыйлық жібереді екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сара Амангелді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бір күн бұрын гүлшоқтарының суретін салған актриса: "Күнде жіберем деді ғой", - деген жазба қалдырып еді, артынша "Сөзінде тұрды", - деп тағы бір гүлшоғының суретін салды. 

Танымал әнші, актрисаның сыйлық жіберіп жүрген құпия табынушысы оқырмандарын ойландырып қойған сияқты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget