- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сөзге келіп қалған"....
"Сөзге келіп қалған". Ақтөбе облысында шекара бекетінде сарбаз әріптесінің қолынан қаза тапты
Ақтөбе облысындағы шекара бекетінде атыс болып, бір жауынгер көз жұмды. Күзетте тұрған сарбаз әріптесіне автоматтан оқ жаудырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Мәртөк ауданындағы Ресеймен шектесетін "Қиялы" бекетінде болды. Келісімшартпен қызмет етіп жүрген жауынгерлер күзет кезінде сөзге келіп қалған. Ашуға мінген біреуі қолындағы Калашников автоматымен қасындағы серігіне оқ атқан. Олардың не үшін жанжалдасқаны әзірше белгісіз. Марқұм болған сарбаздың жасы 22-де. Оқ тиген бойда жедел жәрдем де шақырылған, бірақ ақ дәрігерлер әскериді аман алып қала алмады.
"Жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Роллан Жанысбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан