Әнші Жұбаныш Жексенұлы Dope Soz youtube-арнасына берген сұхбатында жас әншілерді сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі жас әншілер әннің сөзіне мән бермейді.
"Бізде сөздің салмағы болу керек деп ойлаймын. ARO-ға "сөзіңде түзесеңші" деп айтқанмын. Сөз жүйесіз, бірақ өзі соны жаттап айтады. Дегенмен, ARO ұнайды. Оның стилінде қазақылық бар. Shiza-ның да әндерін тыңдадым, жаман емес. Айналып келгенде мен жағынан бәрі сөзге келіп тіреледі. Бәрібір сөзге қараймын. Көпшілігі әуенге қарайды. Бірақ адам түптің түбінде мән-мағынасына үңіледі ғой. Әндердің тез хит болып, жоғалып, елдің есінде қалмауының бір себебі де сол шығар. Бұрын сөзге ән жазса да, әнге сөз жазса да өте сапалы болды", - деді ол.
Өнер иесі тойға арналған әндер туралы да пікірін білдірді.
"Кейінгі кезде "тойға арналған ән" деген шықты. Сол маған мүлдем өтпейді. Бірақ кейде сол әндерге билеймін. Аға-апаларымыз жасаған сапалы музыка жалғасуы керек. Тек қана тойдың әнімен "Балқия", "Қызыл өрік", "Мария магдалена" әндерімен кетпеу керек. Тойдың әні қазақ эстрадасының деңгейі деп ойламаймын", - деді әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!