“Сөздеріне жылады“. Мақпал Жүнісованың жаңа әнін тыңдаған кейуана көзіне жас алды

“Сөздеріне жылады“. Мақпал Жүнісованың жаңа әнін тыңдаған кейуана көзіне жас алды
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Танымал композитор Жасұлан Базарбай жазған Мақпал Жүнісованың орындауындағы жаңа ән тыңдармандардың жүрегіне жетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақпал Жүнісованың әнін тыңдап жатып көзіне жас алған егде жастағы әженің видеосын жариялаған композитор әлеуметтік желідегі парақшасында әннің тарихы туралы жазды.

"Осы әнді "Диетаға" жазамын деп ойланып, үш ай жүрдім. Сосын бұл әнді жеткізіп орындау Мақпал Жүнісова апамның қолынан келеді деп, апама ұсындым. Сөйтіп, апамның ән қоржынына байланды. Менің ойым алдамады деп ойлаймын. Мақпал Жүнісованың өлеңінің сөзіне жылап қалды", – деп жазды Жасұлан Базарбай.

Желі қолданушылары да Мақпал Жүнісованың орындауындағы әнге жақсы пікір, тіпті тілек жазып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева