Бүгін 1 қыркүйек - Білім күні. Биыл елімізде 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Бұл қатарда танымал өнер адамдарының да балалары бар. Massaget.kz тілшісі қандай қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің балалары биыл мектеп табалдырығын аттағанына шолу жасады.
Айдана Меденованың қызы
Белгілі әнші Айдана Меденованың тұңғышы Әмина биыл мектеп табалдырығын аттаған. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазған.
"Сезімдерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Ақылдым менің, 1-сыныпқа қадамың құтты болсын!" - деп жазған ол.
Марат Оралғазинның ұлы
Танымал әзілкеш, актер Марат Оралғазинның ұлы да 1-сыныпқа барған. Бұл туралы өнердегі әріптесі Айдана Меденова жазған.
"Марат Оралғазинды кездестірдім. Ол да ұлын 1-сыныпқа әкелген", - дейді ол.
Актер бұл туралы өзі де Желідегі парақшасына жазған.
"1-сынып. 1-күн. Ал құтты болсын", - деп жазды ол.
Сәкен Майғазиевтің қызы
Сәкен Майғазиевтің айтуынша, Мәриям атты қызы биыл мектепке барған.
"Білім күні құтты болсын! Раянамыз 3-сыныпқа, Мәриямымыз 1-сыныпқа барды", - деп жазды әнші Желіде.
Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменованың немересі
Белгілі актер Досхан Жолжақсынов пен әнші Қарагөз Сүлейменованың немересі де 1-сыныпқа барған.
"Бүгінгі білім күні құтты болсын. Немереміз 1-сыныпқа бара жатыр. Барлық баланың жолы болсын", - деді Қарагөз Сүлейменова Желіде.
Еске салайық, бұған дейін отандық жұлдыздардың мектеп кезіндегі суреттері жарияланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!