- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Созбалаңға салуға болмайды"....
"Созбалаңға салуға болмайды". Тоқаев жылыту маусымына дайындық барысы туралы қатаң тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ең алдымен Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апат жағдайында тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе, көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл - атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова