Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатта бала кезінен ішкілікке салынған әкесі мен ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылыққа шыдап жүрген анасының ұрыс-керісін көріп келе жатқан әйелдің оқиғасы жазылған.
Заңгерге хат жолдаған әйелдің айтуынша, әкесінің бірнеше әйелі болған. Қазір отбасында 8 бала-шағасы барына қарамастан, өзге әйелден тағы да баласы бар көрінеді.
Мен 26 жастамын. Мүлдем тұрмыс құрмағанмын.
Менің аналарға айтарым бар еді.
Біз отбасыда 8 бала-шағамыз. Кішкентай кезімізден бастап туған әкеміздің ішіп келіп, қызғаныштан анамызды ұрғанын көріп өстік. Тағы өзі сырттағы әйелдерге баратын. Бір әйелден бір баласы бар. Соған әлі күнге дейін жазады. Анам өзі ауылдан шыққан, оқымаған. Анамды "ұят болады, не істесе де еркектікі дұрыс, қайда барар дейсің, бәрібір қайта саған айналып келеді" деп өсірген екен. Анам әкемді көріп көзі жіпсіз байланып қалыпты мыс. Мектепті бітіріп, балабақшаға жұмысқа тұрған сәтінде, 3 рет көріп, алып қашыпты әкем. Анам қалды. Анам әкемнің 3 немесе 4 әйелі, бірінші әйелі ұрғанына шыдамай ажырасып кеткен бір қызымен, екіншісі қыз болмай шыққан, ал үшіншісімен тек төсек қатынаста болған, содан баласы бар, әлі жазады соған деген әйел осы. 65 жылғы әкем. Оның бәрін анам абысынан естиді. Ал үшінші әйелден баласы бар екенін содан біледі. Сол кезде анам әпкеме жүкті болған, ал ана әйел де анаммен бірдей көтерген ғой. Анам сосын сол әйелге қоңырау шалып, оны ол әкеме айтқан, әкем анамды көк аладай етіп сабап тастаған, әйтпесем анам жүкті ғой. Араға бір рет нағашы атам түскен екен, әкем нағашы атаммен төбелескен. Атам анама "болмай ма қызым айт, алып кетейін" деп бір рет айтқан екен. Мен кішкентайымнан анама "кетейікші, ажырасыңызшы, жалынамын" деп айтатынмын. Ол кезде біз 3 бала едік, әпкем, мен және інім болатын. Бірақ анам "қайда барамыз, қалай күн көреміз?" дейтін. Сол сәтте нағашы ата-апам тірі, өте жақсы адамдар еді. Мен көп айтатынмын "кетейікші" деп, анам мен әкем қырылса, араларында әпкем және мен жүретінмін арпалысып. Бойжеткен сәтте әпкем 2 курс оқып жүріп, үйдегі әкем мен анамның ұрысынан ерте тұрмысқа шығып кетті", - деп жазған кейіпкер.
Хат авторы әкесі тіпті кішкентай сіңілісіне де тиіскенін жазған.
"Осыдан 5-6 жыл бұрын ау, әкем кішкентай сіңіліме тиіскен, өліп ішіп алған 2008 жылғы сіңілімнің көтенін ұстайды ғой, сіңілім жылап кетіп қалады. Сол кезде анам айғайлап, "енді жетпегені осы еді саған" деген, ал мен аузыма келгенді айттым, "сендей әке болғаннан болмағаны жақсы ғой, педофил болайын дедің ба?" деп. Мен "болды, енді ажырасатын шығарсыз?" дедім анама. "Әлде бұдан да сорақысын көру керек па?" деген едім. Өзіме ұрысып берді. Сол сіңілімде де әлі күнге дейін есінде болып қалған шығар", - деп жазған ол.
Оның сөзінше, күйзелістің кесірінен онкологиялық ауруға шалдыққан.
Мен 3 жасымда құлаппын, содан бері оң қолым ауырады. Есімде 4 сынып оқып жүрген кезім оң қолым қатты ауырды, мен "әке, әке" деп жыладым, ал әкем болса келіп мені боқтап, "сені біреу өлтіріп жатыр ма?" деп, анама айғайлап, анамды ұрып бастаған(сол кезде есімде қатты қалып кеткен, мен бұтыма жіберіп қойғанмын, қатты қорыққанымнан), анамның быт-шытын шығарып ұрып, "жүр" деп маған айғайлап ауруханаға апарған. Ол жақтағылар тек ауырсынуды басатын дәрі салып жібереді. Содан кейін қолым ауырса да мен үшін анам таяқ жемесін деп көп айтпайтынмын. Қолыма 6 ота жасалды, үшеуі кішкентай кезімде. Сөйтіп жүргенде мен онкологияға шалдықтым. 3-4 жыл болды ау тоқтаусыз ота, химия, ауыру. Жыласам, қатты күлсем, ашулансам қолым ауырады. Қазір оң қолымды кесуге дейін асқынып тұр, әке-шешем өзімді кінәлайды. "Шынымен өзім кінәлімін ба?" деп ойланып қаламын кейде. Қазір жылап жазып отырмын. Маған әкем мен анамның ұрыс керісі, ішіп келіп айқай шығарғаны қатты тиген ау, өте қатты ашуланшақпын. Сонымен қатар, бауырларымда ашушаң. Біздің жағдай жақсы, зәулім үйде тұрамыз. Тұрғанымызды қайтейін не мені емдетпеді, не қамқорлық көрсетпеді, айта берсең көп. Бір ұрыс шығарғанда сау болып, "мына балалардың ешқайсысы меніңкі емес" деп, анама жұдырығын ала жүгірді. Мен ол кезде студентпін, сосын мен "сенбейсіз ба жүріңіз экспертиза (тексертейік) жасайық" дедім. Әйтпесем бәріміз шетінен содан аумай қалғанбыз ғой. "Жасатпаймын" деді, онда "ұрыс шығармай тыныш жүріңіз" дегенім сол еді, "сен маған қалай қалай сөйлейсің, мен сені бағып жүрсем, мал" деп айтпағаны жоқ, мені лақтырып итеріп жібермекші болды, анам ұстап қалды.
Тексертпейтіні бар екен неге ұрыс шығара береді? Анама "осы байыңыз, ажырассаң болды ғой, күн көре аламыз, есейдік жұмыс істейміз жан жақты" дегенмін. Сонда да қалды. Маған ауыр сөздер айтады да, жұрттың көзінше моп момақан бола қалады. Басқа адамдарға жаны ашығыш. Ал маған келгенде сенің ауырғаның бізге мәндет болды ғой, сенің ауырғаныңа мен кінәлімін ба? Сені не құдай не бай алмайды… тағы сондай сыңлы көп сөз айтады. Әкемнің өзі мені керек қылып отқан жоқ, қандай бай? Түсінбеймін. Әкем астынан кір іздеп отыратын сондай адам әлі күнге дейін өзгермеген. Қазір де ішіп далада отыр", - деп жазылған хатта.
Аноним оқырман аналарға кеңес берді.
"Менің айтқым келгені аналарға:
Дәл қазір ішіп алып, ұрыс шығарып жүр ма? Ләжі болса ажырасып кетіңіздерші, ондай адам өзгермейді. Құр балалардың сорына қаласыздар. Бізде неге оқыс жағдай көп болады? Өйткені осындай біз сияқты отбасыдан ашушаң, жылауық адамдар шығады. Бұндай отбасылық жағдайға көп адам шыдай алмайды, көбінесе өз-өзіне қол жұмсайды, сынады. Ал кейбіреулері ажырасып мықты болуға күш табады. Ал екі ортада бала зардап шегеді. Мүмкін сіздер сол ішіп келіп, ұрып соғуға шыдап үйреніп қалған шығарсыздар, бірақ балаға жандарыңыз ашысын!" - деп жазған аноним оқырман.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!