- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Соттың шешімімен келіспеймін!“...
“Соттың шешімімен келіспеймін!“ Жұлдыз Әбдікәрімова наразылық білдірді
Алаяқтық жасаған компаниямен соттасқан танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіліп қалған еді. Өнер иесі сот шешімімен келіспейтінін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Соттың шешімімен келіспеймін! Екінші сот отырысы өтті. Менің көңілім толмаған сәттер мыналар: біріншіден, өткен отырыста сот өзі талап еткен жауап беруші тараптағы Дилара осы отырысқа қатыспады. Неге? Қарсы тарап соттың талабын орындамайтын не күшке ие? Екіншіден, сот екі тарапты толық тыңдап болғаннан кейін ешқандай қосымша анықтаушы сұрақтар қойылмай, ақылдасу бөлмесіне үнсіз кетіп қалды. Бар болғаны 20 минутта шешім қабылданды. Бірінші болған сот шешімін өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылданыпты", - деп жазды ол.
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, соттың ресми шешімі туралы құжат әлі шықпаған. Өнер иесі сотта назар аударылмай қалған дәлелдерді тізіп өтті.
"Соттың ресми шешімі жайындағы құжат келесі апта шығады. Заңбұзушылық табылмады деген үкім айтылды. Естеріңізде болса, бірінші отырыста қаралмаған немесе назар салынбаған дәлелдер келтіргенімді айтқанмын. Бұл жолы да ол дәлелдер ескерусіз қалды. Сот шешімімен келіспейтінімді, мұнымен іс жабылмайтынын, Жоғарғы сотқа қайта шағымданатынымды хабарлаймын!", - деп наразылық білдірді ол желіде.
Сотта жеңілген актриса әлі де болса әділдік үшін күресетінін жасырмады.
"Жүріп жатқан азаматтық соттан бөлек, қылмыстық іс қозғалып жатқандығы, ол жақта сот мүлде басқа сарында болатынын да естеріңізге саламын. Басты назар аударатын жай, ол мен жалғыз алданушы емеспін. Он шақты алданған азаматтар болып, ұжымдық шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғалғанын қайталаймын. Әділдік орнауына бар күшімді саламын!", - деп жазды ол.
Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова бұған дейін де алданып қалған жалғыз өзі емес екенін айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева