Нұрлан имам мешітте берілетін неке куәлігі "жай ғана естелік" деген мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Имамның сөзінше, діни рәсім жасау - әркімнің мұсылмандық парызы.
"Иә, шын мәнінде мешітте діни неке қиямыз. Оған ескерткіш ретінде неке куәлігін береміз. Сол неке куәлігін алып, АХАЖ-ға бармастан, тіркеуден өтпестен, көп адам осымен қалып қояды. Кейін бала дүниеге келгенде, ажырасатын немесе басқа да дүние мәселесі көтерілген кезде ортақ заңды тіркелген құжат жоқ болып шығады. Мемлекетіміз зайырлы болғандықтан, мемлекеттің заңды құжатын алып, тіркелуіміз қажет. Діни рәсімді өту - мұсылмандық парызыңыз. Ең ауыртпашылығы ажырасатын жағдайда қарындастарымыз далада қалып қойып жатыр. Соттың өзінде мешіттегі неке куәлігі жүрмейді", - дейді имам.
@laila_sultankyzy Мешіт беретін неке куәлігі ресми құжат емес, естелік қана #некеқию #некекуәлігі #мужижена ♬ оригинальный звук - Laila Sultankyzy
Желі қолданушылары бұл мәлімдемеге қатысты түрлі пікір жазған.
"Дұрыс. Азаматтық неке сияқты болып қалады", "Алланың алдында қиылған неке ғой бастысы, ол заңды құжатқа жатпайды", "Екеуін де қатар жасау қажет, заңды неке болмағандықтан, ортақ мүліктік құқығы туындамай, қаншама бала далада қалып жатыр", "Заң тұрғысында айтып жатыр ғой", "Бірінші заң конституция болу керек, дұрыс пікір", "Неке қағазы болмаса, діни неке қимасын. Жұрттар екінші әйел, үшінші әйел алып жүр ғой", - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!