Қазақстанда адамға бірнеше себеп бойынша іздеу жариялануы мүмкін. Бұл қатарға заңды орындаудан жалтару, алимент төлемеу, хабар-ошарсыз кету және басқалары жатады. Осы қатардың әрқайсы бойынша құқық қорғау органдары жыл сайын толық статистика ұсынады. Мәселен, 2021 жылы 21 мыңнан аса адам іздестірілген, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Іздестірілгендердің ең көбі сот, тергеу және прокуратура органдарынан жасырынған адамдар, қарыздарын және алимент төлемейтіндер болған. Бірінші санат бойынша 2017 жылдан бастап 2022 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстанда жыл сайын 7,1 мыңға жуық адам іздестірілген. Олардың ұсталу ықтималдығы - 54,7 пайыз. Бірақ дәл осы кезеңде жыл сайын орта есеппен анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған, сондай-ақ, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған, органдар тапқан адамдардың үлесі де осындай шамада болған. Айта кетейік, бұл іздестірілгендердің 44,8 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған.
Алайда 2017 жылдан бастап іздеу жарияланғандар саны азайғанына қарамастан, олардың арасынан табылғандар үлесі жылдан-жылға төмендеп келеді. Осылайша, 2017 жылы табылған адамдардың пайызы 65,4 пайыз болған, 2021 жылы 51,2 пайыз, ал 2022 жылдың алғашқы тоғыз айында небәрі 41,9 пайыз болған.
Іздеуде жүрген адамдардың екінші жалпы санаты - атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер.
Осы мәселеге қатысты 2018 жылдан бастап ІІМ жыл сайын 4,9 мыңға жуық адамды іздестірген. Соның ішінде ҚР БП ҚСжАЕК деректері бойынша, 2021 жылы іздеуде жүрген борышкерлердің саны 5,2 мың адам, ал биылғы қаңтар–қыркүйекте 4,3 мың адам болған.
Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтаруға байланысты жыл сайын орта есеппен 3,5 мың адам іздестіріледі. Соның ішінде ҚР БП ҚСжАЕК деректері бойынша, 2021 жылы олардың саны 4,5 мың адам, ал биылғы қаңтар-қыркүйекте 3,3 мың адам болған.
Бір қызығы алимент төлейтіндер мен борышкерлер бойынша, ҚР ІІМ ұсынған деректер Бас прокуратура деректерінен ерекшеленген. Алайда алимент төлеушілердің ұсталуына байланысты қанша іс тоқтатылғанын білу мүмкін емес, өйткені ведомство жалпы тоқтатылған істің саны туралы хабарлайды. Олар әртүрлі себеппен, соның ішінде мерзімі өтуіне байланысты тоқтатылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!