- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сотталып кететін едім"....
"Сотталып кететін едім". Әнші Дастан Оразбеков өнерге қалай келгені туралы еске алды
Танымал әнші, сазгер Дастан Оразбеков сахнаға шыққан кезі туралы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі биыл "Орда" тобының құрылғанына 25 жыл толғанын атап өтті.
"Ең үлкен сахнам "Керемет" деген театрдан басталған. Туған ағам Рүстем сол театрға актер болып қабылданды. Кейін әнші керек болып жатыр деген хабарландыруды естіп, ағам мені ертіп келді. Ол кезде мен мектепте оқимын. Сабақтан кейін келіп, театрдағы адамдарға ән айтып бердім. Бірден қабылдандым. Кейін театр ішінен құрылған "Орда" деген топтың мүшесі болып шыға келдім", – деді әнші.
Әңгіме барысында “Орда” тобының аты қалай пайда болғанын да айтты.
"Негізі менің өміріме өнер араласып, өзгердім ғой. Жалпы бала кезімде өте бұзық болатынмын. Тіпті сотталып кете жаздағанмын", – деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы