- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сотталушы аяғынан айырылуы...
Сотталушы аяғынан айырылуы мүмкін: колония қызметкерлері пікір білдірді
Биыл қазанда Tengrinews.kz редакциясына сотталған ер адамның әйелі Алина Крючок хабарласқан. 25 жастағы әйелдің айтуынша, былтыр мамырда күйеуі көлік жүргізіп келе жатып жол апатына ұшыраған. Ер адамның жақын досы апаттан қаза болды, сондықтан сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. 31 жастағы ер адам жазасын өтеу үшін ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне, яғни жалпы режимдегі колонияға жіберілді. Колонияда ол аяғындағы жарақатына шағымданған.
Ведомство мәліметінше, сотталған Крючок №36 мекемеде кезекті қылмыстық жазасын өтеп жатыр. Оның бұрын ұрлық және алаяқтық үшін төрт рет сотталғаны белгілі болды. Облыстық қылмыстық атқару жүйесінде оған аяғын емдеуі үшін медициналық көмек тұрақты түрде көрсетіледі. Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл 14 маусымда мекемеге келген кезде ол мекеменің медбикесіне қаралып, оң аяғының ұзақ уақыт жазылмай жүрген жарақатына шағымданып, түрлі емдеу мекемелеріне жеткізілді, атап айтқанда:
20 маусым - Долинка ауылындағы терапевтің кеңесі;
21 маусым - Долинка ауылында қаралу және анализ тапсыру;
30 маусым - Шахтинск қаласындағы лимфа түйіндерін ультрадыбыстық зерттеу;
30 маусым - Шахтинск қаласында асқазан-ішек жолдарының УДЗ (құрсақ қуысы мүшелерін тексеру);
4 шілде - Шахтинск қаласында жұмсақ тіндердің УДЗ тексеру;
4 шілде - Қарағанды қаласында пункциялық цитология;
10 шілде - Қарағанды қаласындағы невропатологтың кеңесі;
11 шілде - Қарағанды қаласындағы онкологтың кеңесі;
12 шілде - Қарағанды қаласындағы травматологтың қарауы;
14 шілде - Қарағанды қаласындағы урологтың кеңесі;
14 шілде - Қарағанды қаласындағы екі проекцияда аяқ сүйектерінің рентгенографиясы;
17 шілде - Долинка ауылындағы терапевттің кеңесі;
18 шілде - Қарағанды қаласындағы ортопед-травматолог дәрігерінің кеңесі;
18 шілде - Қарағанды қаласындағы жұмсақ тіндердің МРТ-сы;
28 шілде - Шахтинск қаласындағы травматолог дәрігердің кеңесі;
28 шілде - Шахтинск қаласындағы тексерулер, ЭКГ талдаулары, эхокардиография;
28 шілде - Шахтинск қаласындағы кардиологтың кеңесі;
1 тамыз - Қарағанды қаласындағы хирургтың кеңесі;
3 тамыз - Қарағанды қаласының іріңді травматология бөлімшесіне хирургиялық емдеуге жоспарлы түрде жатқызылды;
26 тамызда сотталған ер адам Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханадан шығарылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Крючок шығарылғаннан кейін мекемеде ем қабылдап жатқаны, сонымен қатар, Шахтинск қаласындағы бекітілген жерде травматологтың бақылауында екені айтылды.
"31 тамызда сотталушы Шахтинск қаласындағы травматолог дәрігерінің қабылдауына, сондай-ақ, Долинка ауылына тексерілуге жоспарланған, бірақ ол сол жерде емделгісі келмегендіктен бас тартты.
Содан кейін 5 қыркүйекте Крючок Шахтинск емханасына травматологтың кеңесіне жеткізілді. Тігістер алынды, аяқ-қолды көтеріп, төсек режимі ұсынылды", - деп толықтырды бөлімше өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек