Сотталғандар Шерзаттың отбасына миллиондаған өтемақы төлейді

Сотталғандар Шерзаттың отбасына миллиондаған өтемақы төлейді
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Шерзат ісі бойынша сотталғандар марқұмның отбасына моральдық зиян үшін өтемақы төлеуі керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • Айыпталушы Абзал Шынасыл жәбірленушілер – Қаржаубай Нұрымов, Гүлбарам Бейшембиева және Жұмабике Қадыроваға 20 миллион теңгеден өтеуге тиіс.
  • Равиль Сакиев Қаржаубай Нұрымовқа, Гүлбарам Бейшембиеваға және Жұмабике Қадыроваға 15 миллион теңгеден өтеуге тиіс.
  • Қалған айыпталушылар әр жәбірленушіге 10 миллион теңгеден өтемақы төлеуге тиіс.

Кәмелетке толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Айта кетейік, бүгін, 5 мамырда, Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды.

Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.

Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget