Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жақсылық Омарға қатысты үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Жақсылық Омардың іс-әрекеті сыбайлас жемқорлық санатына жатады. Айыптау тарапы іс қысқартылған тәртіппен қаралғанын ескеріп, заңда қарастырылған ең жоғары жазаны сұраған.
"Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарға рақымшылық және мерзімінен бұрын шартты түрде босату нормалары қолданылмайды", - деді прокуратура өкілі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2026 жылы 13 ақпанда әлеуметтік желіде Жақсылық Омар ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Сол кезде өңірлік әкімдік мұндай мәлімет жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкімдік "әкімнің орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын" хабарлады.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
Кейінірек ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс сотқа жолданды.
2026 жылы 3 сәуірде Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.
Жақсылық Омар кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленді. Ол алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!