- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сотталған айтыскер ақын...
Сотталған айтыскер ақын Әнуар Омаровтың жазасы өзгерді
Сотталған айтыскер ақын Әнуар Омаровтың жазасы өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Антикор хабарлады. Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омаровқа қатысты үкім шығарды.
Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Әнуар Омаров бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Әнуар Омаровқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін Антикор 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын хабарлаған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина