Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдап, сотталған әйелдердің жасаған қылмысы зорлық-зомбылыққа қатысты болмаса немесе қоғам үшін қауіп төндірмейтін болса, амнистия жасау туралы ұсынысын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың пікірінше, көп жағдайда отбасындағы бала тәрбиесі әйелдердің мойнында. Ал бүгінде 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы - аналар, оның ішінде 250-і - көпбалалы аналар.
"1500-ден аса бала анасыз қалып, аналарымен қауышуды күтіп жүр. 100-ге жуық сәби балалар үйіне жіберілген. Бұлар жай ғана цифрлар емес: бұл - ойран болған отбасылар, бұзылған тағдырлар, ең сорақысы - ана жылуынан айырылған сәбилер", - деді депутат.
Қарақат Әбден сотталған әйелдерге амнистия қолдану үшін мынадай шарттар ұсынды:
"Ал ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс, зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасап, сол үшін сотталған, қоғамға қауіп төндіретін әйелдерге амнистия жасалмайды", - деді ол.
Оның сөзінше, бұл халықаралық тәжірибеде де бар:
Депутаттың пікірінше, әйелдерге амнистия жасалса, еліміздің пенитенциарлық жүйесіне жүктеме азаяды; балалар үйлеріне түсетін жүк төмендейді; әлеуметтік шиеленіс азаяды; мемлекетіміздің адам құқықтары мен отбасыны қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды ұстанатынын растауға мүмкіндік туады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!