Сотталған әйел төсек жайма көмегімен қашып кеткен

Сотталған қазақстандық әйел аурухана бөлмесінен төсек жайма көмегімен қашып кеткен, ал оны бақылауға бекітілген күзетші ұйықтап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қамауға алынған әйелді күзетуге инспектор-психолог, әділет лейтенанты бекітілген. 

"Таңғы сағат 4-тер шамасында ұсталған әйел күзетшінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, жылыту радиаторына екі жайма байлап, терезе арқылы көшеге түсіп, қашып кеткен. Кейін ол ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне орналастырылды", - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Атышулы оқиғадан кейін қамауға алынған әйел қашып кеткеннен кейін сол кезде кезекшілікте тұрған аға сержант Р. жұмыстан босатылды. Ер адам жұмыстан босатумен келіспей, ІІМ ҚАЖ мекемесіне қатысты жұмысын қайта қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Жергілікті соттар жұмыстан босатудың заңдылығын көрсетіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Кейін Жоғарғы сот істі қарап, талапты қанағаттандырды.

"Талап қоюшы (ер адам) әйелді күзетпеуі керек еді, өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды қорғау және қадағалау қағидаларына сәйкес, егер күдікті немесе айыпталушы әйел ауруханаға жатқызылса, онда оны күзету үшін әйел-бақылаушылар тағайындалады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін желіде Қуандық Бишімбаевтың колониядан табылмағаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты колониядан табу мүмкін болмады деген ақпаратқа түсініктеме берді.

"Сотталған Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуда, бұл шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

"Бұл жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!