- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Соттағы тосын жайт:...
Соттағы тосын жайт: Атырауда үкімді естігенде тамырын кескен ер адамның жағдайы белгілі болды
31 мамырда Атырауда облыстық сот залында 40 жастағы ер адам соттың ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша шығарған қаулысына келіспей, тамырын кесіп тастап, өз-өзіне қол жұмсаған еді. Сотталушының қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, денесін тілгілеп тастаған 40 жастағы қала тұрғыны тергеу изоляторында ем алып жатыр. Полиция департаментінің берген ақпараты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша соталды тергеу тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда сотталушы сот үкімін естіген кезде тамырын кескені хабарланды.
"Шаршадым, мені қайта-қайта тұтқындап жатыр. Менің шыққаныма бір жарым ай болды. Ешқандай әділдік жоқ, өзімді өлтіремін", - деген ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова