Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Шерзат Болаттың өлімінің себебі айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсембайдың айтуынша, жасөспірімнің өлімі көп мөлшерде қан жоғалту салдарынан болған.
"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес Шерзат Болаттың өліміне сол жақ кеуде тұсындағы пышақ жарақатынан көп мөлшерде қан жоғалту себеп болды. Оның қайтыс болғаны 4 қазанда сағат 01:30-да Талғар аудандық ауруханасында расталды", - деді Дана Сәрсембай.
Сондай-ақ, Шерзаттың денесі мен басынан көптеген жарақат анықталған.
Шерзат ісі бойынша сот отырысы
2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова