Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновты бопсалағаны үшін сотталған 39 жастағы павлодарлық әйелдің бір-біріне жазған хатын оқыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
4 мамырда сот жарысы кезінде прокурор сотталушы мен жәбірленуші бір-біріне жазған хаттарын оқыды. Сотта сарапшылар сотталушының SMS-хабарламаларында қоқан-лоққы бар екені расталғанын айтты.
"Мысалы, 2023 жылғы 24 қыркүйек. Сотталушы: "Маған Kaspi-ге 10 мың доллар лақтыр, сені ұмытамын. Істі бүкіл елді салып, жанжал шығармастан, адам сияқты, еркек сияқты шеш, тағы бір-екі күн және процесс сөзсіз болады". 10 қараша 2023 жыл, сотталушы: "Сәлем, сүйіктім, қандай шешімге келдің?" Жәбірленуші: "Сома мен мерзімді айтшы, өтініш". Сотталушы: "20 миллион теңге". Жәбірленуші: "Алдыңғы жолы дәл осылай жазғансың". Сотталушы: "Бұл соңғы рет, уәде беремін". 14 қараша 2023 жыл: "Сәлем, сүйіктім! Сені сағынып кеттім". Жәбірленуші: "Мұндай нәрселерді жазба". Сотталушы: "Жарайды, күтіп жүрмін, сені қашанға дейін күтейін?" Жәбірленуші: "Бүгін реті келмейді". Сотталушы: "Бүгін сені күтемін, жұма күні 40 болады, ал дүйсенбіде сен жұлдыз боласың", - деп прокурор сотталушы мен Павлодар облысы әкімінің орынбасары арасындағы хат алмасудың бір бөлігін алқабилерге оқып берді.
Прокурор жарыссөз кезінде полиция бұған дейін сотталушының "өзін зорлады" деген мәлімдемесін тексергенін, бірақ дерек расталмағанын айтты.
"Сотқа дейінгі тергеу органы Батырғожиновтың әрекетінен зорлау фактісін анықтамады", - деді прокурор.
Прокурор сотталушы өзін полиция ұстаған соң ғана "зорлады" деп арыз жазғанын айтты.
"Осында отырып, жабылып қалғанын білген зорлау туралы іс болмаса, менің талабым да болмас еді. Ол кінәлі, маған "көмектесемін" деп уәде берді. Ешқайда жазбауымды өтінгенде, кредиттерді жауып, пәтер сатып алып беретінін айтты, бірақ осының бәрі үшін уақыт беруімді өтінді, мен келістім, басқа амалым болмады. Арыз жазып, оны түрмеге жапқанда ештеңе өзгермес еді, негізі ол маған көмектесуге уәде берді", - деді сотталушы.
Айта кетейік, 4 мамырда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде бопсалау ісі бойынша үкім шығарған еді. 39 жастағы павлодарлық әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленуші – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов.
Еске салайық, бұған дейін Facebook қолданушыларының бірі Батырғожиновты қыз зорлады деп айыптаған еді. Жазба авторының айтуынша, әкімнің орынбасары "қызды полицияға арыз жазбауға көндіре бастаған, оған сыйлық жаудырып, ақша аудара бастаған, мемлекеттік пәтер алуға да көмектесеміз деп уәде берген".
Кейінірек Ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов журналистерге зорлау фактісіне қатысты арыз шынымен де түскенін айтты, бірақ тексергеннен кейін дерек расталмай, іс тоқтатылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!