- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сотқа береміз деп...
"Сотқа береміз деп қорқытты". Ақтөбеде ата-аналар суық балабақшаға қатысты шағымын айтты
Ақтөбеде балабақшадағы балалар суықтан ауырып қалған. Ата-аналар тепловизоры бар маманды шақырып, бөлмедегі температураның небәрі 14 градус екенін білген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымна сілтеме жасап.
Маман тепловизормен балабақша ғимаратындағы температураны өлшеген. Ол 13,5 градусты көрсеткен.
"Нұрсат" балабақшасында өте суық, балалар үнемі ауырып қалады, цистит пайда болды, ұйықтап жатып жіберіп қояды. Суық қайдан келетінін анықтау үшін тепловизоры бар маманды шақырдық, бірақ барлық жерде суық! Балабақша әкімшілігі бұл туралы ештеңе істей алмайтындарын айтады, олар суықты анықтау процесін түсіргеніміз үшін бізді сотқа береміз деп қорқытты. Кейбір ата-аналар балабақша ауыстыра бастады, ал тәрбиешілер қысқа шыдау керек дейді", - деп ата-аналар шағымын жеткізді.
Білім басқармасы "Нұрсат" балабақшасының жылу жүйесі жақсы жағдайда екенін айтты.
"Түсірілім кезінде сырттағы ауа температурасы -14,9°С болған, желді. Аяз салдарынан екі топтағы температура деңгейі 15°С-қа дейін төмендеді, бүгінде топтардағы температура деңгейі 18°С санитарлық ережелерге сәйкес келеді. Пирометр көрсеткіштерінен көрініп тұрғандай, батареялардың жылу деңгейі өте жоғары, сондықтан күйіп қалмас үшін батареялар ағаш тормен қоршалған", - деп хабарлады білім басқармасынан.
Ата-аналардың шағымына "Aqtobe su-energy group" компаниясы да жауап берді. Олар өз мамандарын балабақшаға жіберген.
"Тексеру нәтижесінде жылу жүйесі жұмыс істеп тұрғаны және ыстық судың температурасы талапқа сай екені анықталды. Жылыту құрылғылары біркелкі қызады, яғни жылу толық көлемде беріледі. Жаттығу залы мен терезелерінде жарықтар бар, бұл жылуды толық қабылдауға кері әсерін тигізеді", - дейді "Aqtobe su-energy group".
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан