Сот шешімі: Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырыла ма?

Бүгін Астана сотының апелляциялық сатысы сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның ата-ана құқығынан айыру туралы арызын қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, бүгінгі сот отырысында Бишімбаев онлайн қатысқан. 

"Мекемеде сот отырысына қатысатын арнайы бөлме бар, ол осы бөлмеге барып, ұялы телефон арқылы қосылды", - деді Ғазымжанов.

Шешім қандай?

Тараптар деректеріне сәйкес, апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырылмайды.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Tengrinews.kz тілшісіне бұл шешіммен келіспейтінін айтты. Ол "қапаланып, көңілі қалғанын" жеткізді.

"Әбден көңілім қалды. Сот пен прокуратура Бишімбаевтың мүддесін қорғап отырған сияқты. Мен шешіммен келіспеймін. Біз әрі қарай күресеміз", - деді Назым Қаһарман.

Адвокат пікірі 

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өз кезегінде сотталған экс-министр бұрынғы әйелінің талабымен келіспейтінін айтты.

"Оның ұстанымы: ол (Бишімбаев - еск.) бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның талабымен келіспейді. Ол ата-ана құқығынан айыру мүлдем заңсыз және негізсіз деп санайды. Сот талапта мәлімделген негіздер бойынша қанағаттандырылмайды деген дұрыс тұжырым жасады", - деп түсіндірді Ғазымжанов.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағымданған болатын.

Мамырда Назым Қаһарман оның балалары Бишімбаевтың тегінен бас тартқысы келгенін айтты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың қамау орнынан қашқаны туралы ақпарат пайда болды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кейінірек жалған мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!