"ҚазМұнайГаз" компаниясының бұрынғы топ-менеджері және бұрынғы "Миссис Қазақстан" Виктория Момынбаеваның күйеуі, кәсіпкер Марат Момынбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат қазақстандық БАҚ-та тарады. Кәсіпкердің әйелі Виктория Момынбаеваның күйеуінің қалай ұсталғанын айтқан.
"Күйеуім Астанада досының туған күнін тойлап келе жатқан. Қонақүй қызметішісі мен күйеуімінің арасында түсініспеушілік пайда болған. Күйеуіме Астанаға не үшін келгені, қонақүйді таңдау себебі сынды орынсыз сұрақтар қойылған. Кейін ауызша жанжалға ұласқан. Айта кетейін, күйеуім мен күзетші арасында тек ауызша жанжал болған. 15 тәулікке қатаң әкімшілік қамауға алу және күтпеген шешім әділетсіз болып көрінеді. Алаңдамай отыра алмаймын, өйткені бұл оқиға және одан кейінгі сот шешімі күйеуімнің бизнесіндегі кедергілерге қатысты болуы мүмкін. Біз бұл мәселеде жеке бас және әділеттілік принциптеріне құрмет түсіністікке және әділетті шешімге әкеледі деп үміттенемін. Біз кез келген келіспеушілікті шешудің негізі диалог пен құрмет екеніне сенеміз және сенімдіміз. Жағдай өзара түсіністікпен шешілетініне сенеміз", - деп жазған ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Марат Момынбаев бұған дейін түрлі ұйымдарда жетекші қызметтер атқарған. 2008 жылы "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамында корпоратив даму жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, кәсіпкер Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы дипломатиялық миссиясында атташе қызметін атқарған. Ол Vertex акционерлік қоғамының директорлар кеңесін басқарды.
Виктория Момынбаева - кәсіпкер, блогер, "Миссис Қазақстан" (2011 жылы бұл сыйлықты жеңіп алған), көпбалалы ана және бірнеше ірі жобалардың негізін қалаушы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!