ШҚО-да жалған айғақ берген куәгер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында көлік прокурорлары куәлардың бірімен жалған айғақтар беру фактісін анықтады.
Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады.
Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Прокуратура жалған айғақтар сот жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді және қылмыстық жауаптылыққа алып келетінін атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!