- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сот орындаушысы шотыңызды...
Сот орындаушысы шотыңызды жауып, жүргізуші куәлігін тартып алуға құқылы ма?
Қазақстанда борышкерге қарсы көптеген кең ауқымды шара бар. Банктік шоттарды жауу, жалақыдан ұстап қалу немесе жылжымайтын мүлікті тартып алу секілді танымал шаралардан басқа, тағы көпке белгілі емес бірқатар әрекет бар. Полиция қызметкерлері борышкерден көлікті алып, арнайы тұраққа жіберуге құқылы ма? Борышкер лицензиясы мен жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін бе? Massaget.kz тілшісі ҚР Заңына сүйеніп, сот орындаушысы борышкерге қандай тыйым сала алатынын анықтады.
1. Қарызды қайтару бойынша жұмысты бастау үшін сот орындаушысына не қажет? Жеке сот орындаушысы өндіріп алушы оған атқару парағы, нотариустың атқарушы жазбасы, айыппұл салу туралы мемлекеттік органның қаулысы және т.б тиісті құжаттарды берген жағдайда ғана қарызды өндіріп алу іс-әрекеттерін бастауға құқылы.
2. Борышкерге қысымның негізгі шаралары. ТжКБ заң бойынша борышкерге қолдануға құқығы бар шаралар тізімі:
-
борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу; Оның ішінде, борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу;
-
борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы мүлкін алып қою; Оның ішінде, борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкiн алып қою;
-
борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;
-
борышкердiң оған меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi, оның iшiнде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгiлеген шекте пайдалануға нұсқау беру;
-
борышкер мүлкiне сүргi салу;
-
құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою;
-
басқа адамдардың борышкерге мүлiк, оның iшiнде ақша беруiне немесе оған қатысты өзге де іс-әрекеттерді орындауына тыйым салу.
Енді сот орындаушылары қарыздарын өтеуге қалай қол жеткізетіні туралы толығырақ айтайық.
3. Шетелге шығуға тыйым салу. Шетелге шығуға тыйым салу борышкерлерге жиі қолданылатын шараларының бірі. Оны қарызы 40 АЕК-тен, яғни 2023 жылы бұл сома 138 мың теңгеден асатын адамдарға қолдануға болады. Шығуға уақытша шектеу борышкер тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қолданылады. Соттың санкциясы қажет.
4. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер. Сот орындаушысы бұл шараны борыш мөлшері 250 АЕК болып немесе одан асқан кезде қолдануға құқылы. Бұл 2023 жылы 862 500 теңге.
Ең көп тараған формалардың бірі - жүргізуші куәлігін пайдалануға тыйым салу (оларды біраз уақытқа тартып алуға болады).
Кейбір жағдайда сот шешімі борышкердің кәсіби қызметіне кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, жылжымайтын мүлікті бағалау құқығына немесе құрылыста белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу құқығына маманның лицензиясының қолданылуы тоқтатылуы. Мұндай шараларды борышкер - заңды тұлғаларға қолдану үшін 1250 АЕК-тен, бұл 2023 жылы бұл 4,3 млн теңге үлкен мөлшерде берешегі болуы тиіс.
5. Мүлікке билік етуге тыйым салу. Борышкерге өзіне тиесілі мүлікті пайдалануға уақытша тыйым салу борыштың мөлшеріне және атқарушылық іс жүргізу ұзақтығына қарамастан қолданылуы мүмкін. Шектеулер, әдетте, автокөлік пен ақшаға, соның ішінде банк картасына қатысты.
- Көлік. ТЖК қаулыны көліктегі жергілікті полиция департаментіне жібереді, содан кейін мәліметтер электрондық базаға енгізіледі, ал полиция қызметкерлері мәлімделген автокөлік табылған кезде ұстап, арнайы тұраққа қамайды. Бұл жағдайда кім көлік жүргізетіні маңызды емес – бұл борышкердің өзі немесе басқа адам болуы мүмкін.
- Ақша. Тыйым картадағы барлық ақшаға емес, белгілі бір сомаға салынуы мүмкін. Мысалы, қарыз 130 мың теңге болса, тиісінше банк карта бар 600 мың теңгенің 130 мың теңгесі бұғатталады, ал қалған 470 мың теңге пайдалануға қолжетімді. Сондай-ақ, ай сайын белгілі бір мөлшерден аспайтын мөлшерде пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін.
- Құқық белгілейтін құжаттар. Сот орындаушысы борышкерден құқық белгілейтін құжаттарды, мысалы, көлік немесе кәсіпорын(ЖК, ЖШС) құжатын алуға құқылы. Алайда ол үшін прокурордың санкциясы қажет. Қарыздың мөлшері заңда көрсетілмеген.
6. Ақша мен мүлікті тартып алу. Банк сот орындаушысының талабы бойынша (қаулы) оның банк шотына ТЖК қаулысында мәлімделген борыш сомасын аударуға міндетті. Бұл сома тек қарыздың мөлшерін емес, сонымен бірге төлем шығындарын да қамтуы мүмкін.
Оған қоса, мүлікті де тәркілеуге болады, егер ол жалғыз тұрғын үй болмаған жағдайда. Оған прокурордың санкциясы қажет. Қарыздың мөлшері шектелмейді.
7. Борышкер судьяның қандай шара қабылдағанын қалай біле алады? Заң бойынша жеке сот орындаушысы борышкерге қандай шара түрлерін және қашан қолданатынын өз бетінше шешуге құқылы. ЖСО бастапқыда мәжбүрлеп өндіріп алудың әртүрлі әрекеті туралы бірнеше қаулы шығарады.
Қазақстандағы жеке сот орындаушылары борышкерге қатысты қабылдаған қаулыларын мемлекеттік порталда орналастыруға міндетті aisoip.adilet.gov.kz (ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі).
Жүйеге кіру және сайтта тіркелу үшін ЭЦҚ қажет.
Құжаттар борышкердің жеке кабинетінде сақталады. Сот орындаушысының қаулысына борышкер де, өндіріп алушы да іс-әрекет жасалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе өндіріп алушыға немесе сот орындаушысының іс-әрекет жасаған уақыты мен орны туралы хабарланбаған борышкерге бұл туралы белгілі болған күннен бастап шағымдана алады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Төлқұжатты қанша күнде ауыстырып береді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә