Павлодарда сот биыл тамызда сотталған Нұрлан Мәсімовтің апелляциялық шағымын қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 желтоқсанда Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Мәсімовтің апелляциялық шағымы бойынша қаулы шығарды.
"Бірінші сатыдағы сот Мәсімовке, Сирадизимовке қатысты шешімді алқабилердің қатысуымен қабылдады. Алқа бұл шешімді қолдайды, сондықтан үкім өзгеріссіз қалады. Евковичке қатысты үкім тек мерзімі бойынша өзгертілді", - деді судья Рымбаев.
Айта кетейік, іс бойынша тағы бір айыпталушы, кәсіпкер Евгений Евковичтің апелляциялық шағымын сот ішінара қанағаттандырды. Сот алқасының шешімі бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі жеті жылдан бес жылға дейін қысқарды. Сот сотталушы Евкович Павлодар облысының Полиция департаментіне келтірілген материалдық залалды өтегенін ескерді.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шыққаны хабарланды. Нұрлан Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!