- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сот "НеМолчи.kz" қорының...
Сот "НеМолчи.kz" қорының жетекшісін екі айға қамауға рұқсат етті
Өскеменнің тергеу соты "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Динара Смаилованы (Дина Таңсәрі) екі айға қамауға рұқсат етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, 16 қазанда Өскемен полиция басқармасы Смайыловаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Смайылованың қылмыстық іс бойынша әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.
"28 желтоқсанда Өскеменнің мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смайыловаға қатысты қамауға алынған күннен бастап екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынғанын хабарлаған еді.
Кейінірек Ішкі істер министрлігі Алматының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Динара Смайыловаға (Дина Таңсәрі) қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғап, тергеп жатқанын мәлімдеді. Оның ішінде екі іс алаяқтық бойынша қозғалған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан