Сот көлік тұрағына бола төбелескені үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 29 шілдеде Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін К.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).
Істің мән-жайы бойынша құқық бұзушы К. қоғамдық орында болғанына қарамастан, төбелес шығарып, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды.
Сот отырысы барысында К. жұбайымен базарға келіп, тосқауылдың жанында тұрған автокөлікті көргенін, оның көлікті алып тастау туралы өтінішіне жүргізуші қолын бұлғап кете бергенін, содан соң олардың арасында ауызша жанжал пайда болып, ол төбелеске ұласқанын атап өтті.
"К. соттың қаулысымен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген сот таратқан хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!