Алматының Медеу аудандық соты бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың екі туысы мен төрт компанияның бүкіл мүлкін бұғаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қарашада сот "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжарованың мүлкін, сондай-ақ, мына компанияларды бұғаттау туралы өтінішін қанағаттандырды:
"2 550 635 252,63 теңге және төленген мемлекеттік баж сомасы - 76 524 956 теңге, жауапкерлердің барлығы 2 627 160 208,63 теңге мөлшеріндегі бүкіл жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бұғатталсын", - деп жазылған сот ұйғарымында.
Дулат Қожамжаров - бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бауыры. Ол Hill Corporation компаниясына иелік етеді. 2024 жылы компания Литваның Клайпеда қаласында осындай зауыт салуды жоспарлағаны белгілі болды. Сол жылы Дулат Қожамжаров Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені тізіміне еніп, 57-орынға тұрақтаған.
Ал Гүлназ Қожамжарова туралы ашық дереккөзде ақпарат өте аз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз