Сот қалыңдығын өлтірген ер адамның жазасын қатаңдатты

Ұлытау облысындағы Қаражалда қалыңдығын өлтіріп және оның туыстарына шабуыл жасағаны үшін сотталған ер адамның жазасын өтеу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес ер адам Қаржалда өзімен бірге тұратын қалыңдығын бірнеше рет соққыға жыққан. Ол қызға үйленгісі келген, бірақ олардың арасында келіспеушіліктер болған. 5 тамызда қыздың туыстары оны Қаражалдан алып кетуді шешкен. Қызды алып кеткеннен кейін, күйеу жігіт арттарынан қуып, әдейі жол апатын ұйымдастырған. Болжам бойынша жігіт қалыңдығы отырған көлікті бірнеше рет соғып, көлікті жол жиегіне шығарып жіберген.

Биыл наурызда ер адам "кісі өлтіру" және "кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол үкіммен келіспей, жасаған қылмысын "абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабына қайта саралауды сұрап, апелляциялық шағым түсірді.

Бұл ретте прокурор сотталушының жазаны өтеу мерзімін ұзартуды сұрап, арыз түсірді.

Апелляциялық алқа прокурордың өтінішін қанағаттандырып, 12 жыл жазасын 16 жылға ауыстырды. Сотталған ер адамның қорғаушысының өтініші қанағаттандырылмады. 

Еске салайық, былтыр қыркүйекте адамшошырлық қылмыс болды. Ер адам қалыңдығын өлтіргені белгілі болды. 

"5 тамызда бес жолаушысы бар көлік жол апатына түсіп, Қаражал қаласының полиция бөлімінде 345-бап 2-бөлігі бойынша "абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу" тіркелді. 18 тамызда 28 жастағы жәбірленушінің қаза болуына байланысты іс 345-бап 3-бөлігіне "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу" қайта қаралған, - деп хабарлады Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, соталды тергеп-тексеру барысында тиісті сот сараптамалары тағайындалған. 6 қыркүйекте сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қылмыстық іс 99-бап 1-бөлігі "адам өлтіру" бойынша қайта қаралған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!