Экс-банкир Жомарт Ертаевты босату туралы сот қаулысы күшін жойды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абзал Құспан Facebook парақшасында Жомарт Ертаевқа қатысты сот қаулысы 1 қазанда күшін жойғанын жазды.
"Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ, мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!" - деп жазды депутат.
Мәжілістің тағы бір депутаты Ермұрат Бапи де пікір білдірді.
"Бүгін сол талап орындалып, прокуратураның қарсылық келтіруі бойынша Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынатын болды", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!