- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Сот болады!“ Жұлдыз...
“Сот болады!“ Жұлдыз Әбдікәрімова заңгерлерден көмек сұрады
Танымал қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен алаяқпен соттасатынын айтып, жеңіп шығу үшін заңгерлерден көмек сұрады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Нұртастың әйелі бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Сот болады! Менің қорғаушыларым қобалжулы. Қарсы тарап – тамыр-таныстарын қосып, сотқа ықпал етуге әрекет етіп жатыр екен. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін. Менің оқырмандарым түрлі пікірде екен. Араларыңызда заңгерлер бар болса, кеңес берсеңіздер", – деп жазды ол желіде.
Өнер иесінің әлеуметтік желідегі оқырмандары арасында мамандар бар екен. Олар актрисаға қазір сот қатаң бақылауда екенін айтып, қолдау көрсетіп жатыр.
"Әділдік бар! Қорықпай, өзіңіздің позицияңызда тұрыңыз! Бастысы – ашық БАҚ-қа жазып отырыңыз. Қазір бәрі қатаң қадағалауға алынған", "Заңгермін! Әділдік бар! Ашық сот отырысы болсын! Уайымдамаңыз" деп пікір білдіріп жатыр осы саланың мамандары.
Алайда қарапайым халықтың сотқа деген сенімі жоқ екенін байқауға болады. Желі қолданушыларының бір тобы ""Сотта әділдік жоқ. Ақшасы көп ұтады", "Қазір таныс, ақша болды ғой бәрі", "Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін" деген, әділдік жоқ заман болды ғой" деген пікірде жазды оқырмандары.
Айта кетейік, жақында Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқ адаммен қалай танысып, құжаттарға өз еркімен қол қойып бергені туралы баяндап берген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева