Бүгін, 12 наурызда Астанада өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер мен операторларды залға тағы да кіргізбеді. БАҚ өкілдері соттың басқа аудиториясында соттың трансляциясын монитор арқылы бақылап отыр.
Алдын ала тыңдау басталмас бұрын соттың баспасөз қызметі журналистерге сот процесінен фотосуреттерді жіберуге уәде берді.
Фотосуреттер шынымен түсірілген, бірақ олардың ешқайсында Бишімбаевтың жүзі көрінбей тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!