- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сот әйелін ұрды...
Сот әйелін ұрды деп айыпталған БАӘ елшiсiнің бұрынғы кеңесшiсiн қамауға алды
Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісіне қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Істің мән-жайлары бойынша М. жанжал барысында жұбайына қатысты физикалық күш қолданған. Істі сот М. әкімшілік жауапкершілікке тартылған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің санкциясы шеңберінде қарады.
"Сот отырысы барысында М. және оның адвокаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін көрсетті, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған орын ҚР юрисдикциясына жатпайтынын, одан бөлек М.-ның әрекеттері қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде жеке тергеу жүргізіліп жатқан өзінің және оның жұбайының арасындағы отбасылық-тұрмыстық іс-әрекеттерге жататынын көрсетті", - делінген хабарламада.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының санкциясы ескерту түріндегі жазаны немесе 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысымен М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан