- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сот 7 заңсыз...
Сот 7 заңсыз тұрғын үйдің құрылысын тоқтатты
Қарағандыда 10 тұрғын үй кешені заңсыз деп, қара тізімге енгізілді. Ал олардың кейбіреулері барлық пәтерді сатып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қара тізімге енгендер арасында аяқталып қалған 10 қабатты тұрғын үй де бар. Оның барлық пәтері сатылып кеткен. Құрылыс бөлімі 60 тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізді және олардың 10-ы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына құрылыстың басталғаны туралы хабарламағанын анықтады. Құрылыс салушылар жобалау-смета құжаттамаға сараптама қорытындысын алмаған. Мемлекеттік орган құрылысты ең басында тоқтата алмайды, өйткені мораторийге байланысты бизнесті тексеруге құқығы жоқ.
"Кез келген құрылысты салмас бұрын салушы сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хабарлама беру керек. Бұл қазір электрон түрде беріледі. 10 тұрғын үйдің 7 үйі бойынша құрылыс жұмыстарын тоқтату жайында сот шешімі бар", - дейді Қарағанды облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының инспекциялау бөлімінің бас маманы Гүлбахрам Мұқашева.
Қарағандыда бүгінде әрбір 6-тұрғын үй немесе кешен рұқсатсыз салынып жатыр. Мұқанов көшесінде осындай бес құрылыс бар. Болашақ тұрғындар өздері сатып алған пәтерлердің заңсыздығын әлі де естімеген.
Құрылыс салушылар пікір білдіруден бас тартты. Кейбіреулері құжаттарды реттеп жатқанын хабарлады. Енді проблемалы тұрғын үй құрылысын салушылар ғимараттарды техникалық тексеруге беруі керек. Сарапшылар олардың тағдырын шешеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова