Сорпа толыққанды ас бола ала ма? Диетолог түсіндірді

Сорпа толыққанды ас бола ала ма? Диетолог түсіндірді
Фото: depositphotos.com

Сорпаны толыққанды ас деп санауға бола ма деген сұрақ көптен бері талқыланып келеді. Диетолог Маргарет Лаге Terra басылымына берген сұхбатында мұның бәрі сорпаның құрамына байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, сорпа пайдалы әрі тойымды ас бола алады. Бірақ ол үшін тағамның құрамы теңгерімді болуы керек.

"Сорпада ақуыз көзі, түрлі көкөніс және пайдалы көмірсулар болғаны дұрыс. Сонда ол ағзаға қуат беріп, тоқтық сезімін сақтауға және дұрыс тамақтануға көмектеседі", - деді диетолог.

Сорпаның негізіне асқабақ, сәбіз, пастернак немесе кәді пайдалануға болады. Ал ақуыз көзі ретінде тауық еті, майы аз ет, жұмыртқа, бұршақ, жасымық немесе ноқат қосуға кеңес берді.

Сондай-ақ, сапалы макарон өнімдері мен тамыржемістерді де сорпаға қосуға болады.

Диетологтың айтуынша, ең бастысы – сорпаны тек сұйық тағам деп қабылдамай, оның құрамындағы ақуыз, көкөніс пен көмірсудың үйлесіміне мән беру.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget