Танымал журналист, "Дау-дамайсыз" бағарламасының жүргізушісі Гүлмира Абықайдың оқырмандарының бірі баласының ішкілікке салынып әбден жүйкесін тоздырғанын айтып, хат жолдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл хатты Гүлмира Абықай өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
"Сәлеметсіз бе! Мен Шымкент қаласынан боламын, ұлымды ішкіліктен емдей алмаған сор маңдай анамын. Өмірімнің өзі қиындықтармен құралғандай қажымай келгем, шыдамым таусылды
көмек Алладан сосын жақсы адамдардан күтіп жүрмін бұрынғы баламды қайтаруға. Ұлым Азаматтың 6 жылдан бері ішкілікке салынып әбден жүйкемді тоздырды. Ішкенде домалап, үйдегі заттарым таусылды, сатып және үнемі писихологиялық сөздер айтады менің денсаулығым кетті, үйім тозды әр туыстың үйіне барып қонамын ұлымнан қорқып.
Бұрынғы баламды таппай қалдым ғой, бұрынғы Азаматым жоқ.
Әкесі ішкілікке салынып әбден көше кезіп кеткен еді, күйеуімнің күйігі күйік болды да, баланың күйігі қасырет болды ғой.
5 баланы қолым кесеу, шашым сыпырғы болып бағып жайландырып болдым-ау дегенде рахаттан емес бір баладан азабын шегіп келемінӨкінішке қарай, Азамат қазір түрмеде.
Кейде осындай хаттарды оқып дәрменсіз қаласың. Азаматтың жасы 30-да, анасы небәрі 49-да.
Е, Алла, ұрпағымызға сана мен иман бер.Өз ұлынан өзі безіп тұрса да, Азамат шәй іш, тамақ же деп алаңдаған, қайран шеше", - деп жазған журналист.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дірілдек деген қандай тағам?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!