Желіде "Семей машина жасау зауыты" АҚ директоры кабинетінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Онда директор кабинетіндегі сөренің арғы жағына бильярд бөлмесі салынғанын көруге болады.
@userdyfjcz88lq♬ оригинальный звук - Beka
Антикор мәліметінше, бейнежазбаны "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ басшысы жүргізген.
Семей машина жасау зауыты "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ-ның қарамағындағы зауыт саналады.
"Қазақстан инжиниринг" ұсынған ақпаратқа сәйкес, кәсіпорынның 2015 жылдан бері жинақталған шығыны шамамен 1,9 миллиард теңгеге жеткен, ал кредиторлық берешектің өсуі 3 миллиард теңгеден асқан.
"Биылғы ақпаннан бастап зауытқа қатысты сот шешімімен 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды. Кредиторлар комитетінің шешімі бойынша 25 қазаннан бастап зауытта аудит басталады. Қазіргі уақытта осы деректер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай материалдар мен өтініштер түскен жоқ", - деді Антикор өкілдері.
Ведомство мәліметінше, оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттермен, сондай-ақ қасақана банкроттықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар Экономикалық тергеу қызметінің тергеуіне жатады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!