Танымал әнші Ерке Есмахан жаңа жазба және образымен тыңдармандарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлеуметтік желіде шалбардың сыртынан көйлек киген ерекше киім үлгісімен түскен суреттерін жариялап, жақсы пікір жазған оқырманына сыйлық беретінін айтқан.
"Жаздың соңына да таяп қалдық. Мен үшін бақытқа толы мезгіл болды. Шүкір! Сіздерде қалай? Осы жаз несімен есте қалды? Неше тойға бардыңыз? 3 рет 5k бар", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің ерекше киім үлгісіне түрлі пікір жазып жатыр.
"Баяғыда өстіп дене шынықтыру сабағына бірден киініп бара салатын едік, болмаса дене шынықтыру сабағынан кейін киім ауыстырып үлгермесек, әсіресе қыста белдемшенің ішінен шалбармен келесі сабаққа баратын едік қой. Сосын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары "Мынауың не, сығандарға ұқсап" деп ұрсып жүруші еді. Сол сәнге айналады деп кім ойлаған?", - деп пікір қалдырыпты желі қолданушысы Ерке Есмаханның ерекше образына.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!