"Сонша сипалап не көрінді". Ғаділбек Жанайдың келіншегімен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті

"Сонша сипалап не көрінді". Ғаділбек Жанайдың келіншегімен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Ғаділбек Жанайдың жұбайымен түскен видеосы желідегілердің ашуын келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнежазбаны өнер иесі TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған. Видеоға 17 мыңнан астам лүпіл басылып, 1000-ға жуық пікір жазған. 

@gadilbek_zhanay

Осы әнге видео күтем🫂❤️

♬ оригинальный звук - Gadilbek

"Осы әнге видео күтемін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары "табанынан сүй, әкеңнің сирағы", "соңында көзінен шөп алдың ба", "мынау тіптен өтіп кеткен жағымпаздық қой", "түу, неге сонша шұқылап", "сипалай бергені несі", "шын бақытты болсаңыздар бүкіл әлемге бұлай жариялау керек емес", "Ғаділбек, орамалын неге сипап кеттің" деп жазды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы