- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Соңғы сәтте әкесін...
Соңғы сәтте әкесін құтқарып үлгерген: Ақтауда жасөспірім суға батып кетті
Ақтауда әкелі-балалы суға батқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде болды. Марқұм жағадан шамамен 130 метр қашықта табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
Құтқарушылардың айтуынша, 9 маусымда сағат 18:56-да жедел кезекшіге Ақтаудан 25 шақырым жердегі "Шора" су арнасында адам суға батып кеткені туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнынан ТЖД қызметкерлері 1981 жылы туған, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды. Ол жағадан 25-30 метр қашықта суға бата жаздаған. Ер адам 2003 жылы туған ұлы суға батып кеткенін айтқан.
Құтқарушылар суға батқан адамның денесін сағат 21:30-да жағадан шамамен 130 метр қашықтан, 2,5 метр тереңдіктен тапты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова