Әнші туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өмірдегі және өнердегі достарының арасында атап өткен. Алматы облысы әкімінің өкілі Нұрғали Нүсіпжановты арнайы құттықтап, оған Алматы облысының "Құрметті азаматы" атағын табыстады.
"Біз,Ильяс Омаровтай,Өзбекәлі Жәнібековтей ұлт қатарлы ұлы тұлғалардың тәлімін алдық,тәрбиесін көрдік. Мәдениет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды,- деуші еді тау тұлғалар. Ағалар кеткелі жадап-жүдеп қалған көңілім бар еді. Тіпті соңғы рет қашан қуанғаным да есімде жоқ,соған қарағанда арада біраз уақыт өткен болу керек. Аида,қарындасым, қарлығаштың қанатымен су сепкендей жасаған игі ісіңнің өзі жанды жаз, көңілді көктем етті. Адамның жүрегін қуанышқа бөлеу оны емдегеннен де маңызды екенін сезіндірдіңдер. Алла,разы болсын, Айналайындар.Ел үшін жасап жатқан еңбектерің жансын,Жарығым", - деп жазды әнші.
Тағы да бірқатар мәдениет ұйымның қызметкерлері 87 жасқа толған әртістің ерен еңбегін бағалап, оған арнайы грамота табыстаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!